Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қасым-Жомарт Тоқаев «Барыс» клубын жеңісімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев «Барыс» клубын жеңісімен құттықтады

kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шайбалы хоккейден ҚР Президенті кубогында жеңіске жеткен елордалық «Барыс» командасын құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Барыс хоккей командасы халықаралық клубтық турнирде дәстүрге айналған Президент кубогін ұтып алды. Хоккейшілерді және жаттықтырушыларды тамаша жеңістерімен құттықтаймын!», - дейді Президент.
Еске салайық, шайбалы хоккейден ҚР Президентінің Кубогына арналған10-шы халықаралық турнир елордада 7 тамыз күні басталды. «Барыс Арена» мұз айдынында жергілікті «Барыс» пен Қазан қаласының «Ак Барсы» арасындағы алғашқы матчты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барып тамашалады.
11 тамыз күні мерейтойлық турнир мәресіне жетті. Оның чемпионы Нұр-Сұлтан қаласының «Барыс» командасы болды. Бұған дейінгі үш кездесуін де жеңіспен аяқтаған аталмыш клуб бүгін Ресейдің «Салават Юлаев» командасымен шеберлік байқасты.

12 тамыз 2019 ж. 65 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области