Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » WBC: Қазақстандық кәсіпқой боксшылардың рейтингі жарияланды

WBC: Қазақстандық кәсіпқой боксшылардың рейтингі жарияланды

Kyzylorda-news.kz. Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) рейтингінің жаңартылған нұсқасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Екінші орта салмақ дәрежесіндегі Әли Ахмедов (15-0, 11 КО) 17-орынды сақтап қалды. Айдос Ербосынұлы (11-0, 8 КО) үш сатыға төмендеп, 35-орынға табан тіреді.
Ал орта салмақта Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) көш бастап тұрса, Мейірім Нұрсұлтанов (11-0, 8 КО) 24-тен 25-орынға сырғыды. Сондай-ақ Жәнібек Әлімханұлы (6-0, 2 КО) 26-орыннан түсіп, 30-позицияға орналасты.
Бірінші орташа дивизион өкілі Садриддин Ахмедов (9-0, 8 КО) бір саты жоғары көтеріліп, 32-ші атанды.
Бірінші орта салмақ дәрежесіндегі спортшы Батыр Жүкембаев (16-0, 13 КО) 19-орыннан 16-ға шықты.
Бұған дейін 37-орында болған жеңіл салмақтагы Виктор Коточигов (10-4, 4 КО) енді тізімде 38-інші болып тұр.

09 тамыз 2019 ж. 24 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области