Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық полицейлер кезекті жеңістеріне қол жеткізді

Қызылордалық полицейлер кезекті жеңістеріне қол жеткізді

Kyzylorda-news.kz. Жуырда Петропавл қаласында қазақ күресінен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің чемпионаты өтті.

Аталған чемпионатқа Қызылорда облысы Полиция департаменті құрамасы атынан Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Ержан Абдуллаев және оқу жаттығу взводының аға инспекторы полиция майоры Жасұлан Досымов қатысып, бақтарын сынады.
90 килограмм салмақ дәрежесі бойынша Ержан Абдуллаев І орынды иеленсе, 100 килограмм салмақта Жасұлан Досымов жүлделі ІІ орынды жеңіп алды.
Айта кетейік, Ержан Абдуллаев дзюдо және самбо күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері. Ол 2015 жылы жекпе-жек сайысынан ҚР ІІМ чемпионатында ІІ орын иеленсе, 2017 жылы АҚШ-та Бүкіләлемдік полицейлер мен өрт сөндірушілер арасында өткен әлем чемпионатында ел намысын қорғап, дзюдо күресінен ІІІ орын, греплинг күресінен ІІ орынды жеңіп алды.
Сонымен қатар өткен жылы самбодан өткен ел чемпионатында топ жарып, биыл Алматы қаласында дзюдодан өткізілген «Конфедерация кубогінде» командалық ІІІ орынға қол жеткізді.

10 шілде 2019 ж. 145 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области