Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Әсел Серікбай мен Назерке Нұрғали Азия чемпионы атанды

Әсел Серікбай мен Назерке Нұрғали Азия чемпионы атанды

Kyzylorda-news.kz. Индонезияның Соло қаласында шахматтан 20 жасқа дейінгі жастар арасында өткен Азия чемпионатында Сыр спортшылары 2 алтын, 1 қола медаль иеленді.

Классика бойынша сынға түскен Əсел Серікбай Азия чемпионы атанып, халықаралық ФИДЕ шеберін орындады. Ал Назерке Нұрғали блицтен алтын алса, рапидтен қола жүлдені еншіледі.
Дүбірлі додаға сырбойылық жас Сұлтан Аманжол да қатысып, шеберлігін шыңдады.
Айта кетейік, Қазақстанның атынан қызылордалық шахматшылар ғана өнер көрсетіп, ел қоржынына 3 медаль салды.
Ағымдағы жылдың қазан айында Үндістанда өтетін Əлем чемпионатына жастар арасында Əсел Серікбай мен Назерке Нұрғали, жасөспірімдер арасында Сұлтан Аманжол шеберлік байқасады.
Қызылордалық шахматшыларды жарысқа Василий Шимелков пен Риза Қошқарова дайындады.

09 шілде 2019 ж. 48 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области