Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Головкиннің жаңа бапкері: Біз дұрыс бағытта келеміз

Головкиннің жаңа бапкері: Біз дұрыс бағытта келеміз

Kyzylorda-news.kz. Геннадий Головкиннің жаңа бапкері Джонатон Бэнкс GGG командасының дұрыс бағытта келе жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нью-Йорктегі «Madison Square Garden» аренасында өткен Геннадий Головкин мен канадалық Стив Роллс арасындағы жекпе-жектен соң GGG жаңа бапкері Джонатон Бэнкс пікір білдірді. Оның айтуынша, Головкин аз ғана уақыттың ішінде өзін бабында екенін көрсетті.
«Жекпе-жекті нокаутпен аяқтаған жақсы. Маған шәкіртімнің рингтегі іс-қимылдары ұнады. Біз аз уақыттың ішінде жақсы жетістікті көрсеттік. Енді бұдан жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуге уақыт жетеді. Біз дұрыс бағытта келе жатырмыз», - деді ол.
CompuBox статистикасына сүйенсек, төрт раундта Головкин өзіне бағытталған 223 соққының 62-ін өткізіп алған. Тиісінше, Роллсқа 38 соққы дәл тиген.
Еске салайық, 9 маусым күні Нью-Йоркте Геннадий Головкин канадалық Стив Роллсты нокаутпен жеңді.
Бокс кешінің андеркартында тағы екі қазақстандық өнер көрсетті. Бұған дейін жеңіліп көрмеген Әли Ахмедов өз мықтылығын кезекті рет дәлелдеді. Ол тәжірибелі америкалық Маркус МакДэниэлді техникалық нокаутпен жеңіп, WBC International титулын жеңіп алды.
Ал 32 жастағы ақтөбелік боксшы Бақтияр Эюбов (14-0-1, 12 КО) америкалық Брайан Себальоға (8-0, 4 КО) есе жіберіп қойды.

10 маусым 2019 ж. 48 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области