Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жерлесіміз Нұрзат Қару «Aitys online» ұлттық жобасының жеңімпазы атанды (видео)

Жерлесіміз Нұрзат Қару «Aitys online» ұлттық жобасының жеңімпазы атанды (видео)

Kyzylorda-news.kz. Қазалылық Нұрзат Қару 14 шығарылымнан тұратын "Aitys Online" жобасының жеңімпазы атанды.

Бұл айтыстың бір ерекшелігі, айтыскердің әрқайсысы үйден шықпай-ақ, өз қаласынан қарсыласқа қоңырау шалу арқылы айтысты. Яғни, бір-бірімен бейне қоңырау арқылы сөз жарыстырды. Сегіз айтыскер ақын екі топқа бөлініп, жыр көмбесін қыздырды. Өз тобында бірінші орын алған қатысушылар финалда топ жару үшін бақ сынасты. Барлық шығарылымдарда жеңімпаздарды көрермендер анықтады.
Көрермендердің пікірінше Нұрзат Қару ақтық сындағы қарсыласы Алтынбек Ибрагимнен басым түсіп, жобаның жеңімпазы атанды. Бұл айтыста айы оңынан туған Нұрзат Талғатқызына белгілі айтыскер ақын Ринат Заитов 1 млн теңгенің сертификатын табыстады.

03 маусым 2019 ж. 220 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области