Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Облыстық «Берекелі шаңырақ-2019» байқауы өтті

Облыстық «Берекелі шаңырақ-2019» байқауы өтті

Kyzylorda-news.kz. Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен тұңғыш рет «Берекелі шаңырақ-2019» жас отбасылар арасындағы облыстық байқау өтті. Оған 35 жасқа дейінгі 6 отбасы қатысуға ниет білдірген.

Байқау барысында отбасылар өздерін таныстырып, өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар отбасы құндылықтары мен салт-дәстүрге қатысты сұрақтарға жауап беріп, біліктіліктерін көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша Қармақшы ауданы, ІІІ Интернационал ауылынан келген Бадаевтар отбасы – І орынды жеңіп алды. ІІ орын Қызылорда қаласы, Белкөл поселкесінен келген Итемгеновтер отбасына бұйырды. Ал ІІІ орынды Шиелі ауданы, Керделі ауылдық округінен келген Шыныбековтер отбасы иеленді.
Жүлделі орын иегерлері және байқауға белсене қатысқан отбасылар алғыс хатпен және бағалы сый-сияпаттармен марапатталды.

30 мамыр 2019 ж. 48 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области