Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Парасатты поэзия» атты халықаралық фестивальдің қатысушылары Қармақшыға барды

«Парасатты поэзия» атты халықаралық фестивальдің қатысушылары Қармақшыға барды

Kyzylorda-news.kz. «Парасатты поэзия» атты халықаралық фестивалінің қонақтары Қармақшыдағы Дүр Оңғар ауылына барды.

Кештің ашылуында аудан әкімі Сұлтан Мақашов бабалар аманатын адал сақтап бүгінге жеткізіп жүрген ақын-жазушыларымызға жаңа бастамаларына зор шығармашылық табыс тілеп, ізгі лебізін жеткізді.
Жыр мерекесінде суретші, белгілі режиссер, сценарист Рүстем Әбдіраш сөз алып, шығармашылық саладағы жетістіктерге тоқталса, күйші, композитор, киноактер ұлы Әбілхайыр Әбдіраш қазақтың қара домбырасымен күйден шашу шашты. Сонымен бірге кітапхана қорына Жарасқан Әбдірашұлының кітаптарын табыстады.
Қонақтардың қатарында Қазақстан Жазушылар одағының, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Шәкизада Әбдікәрімов, бауырлас қырғыз елінің ақыны Қарбалас Бакиров, Татарстан Республикасынан Рустем Галиуллин, Қазақстаннан Мейірхан Ақдәулет, Бекзат Смадияр Мирас Асан, қызылордалық Ғазиза Әбілда, Асылзат Арыстанбек сынды ақын-жазушылар бар.
Халықаралық жыр кеші қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған тұлғалардың сара жолын насихаттау мақсатында қолға алынған.

28 мамыр 2019 ж. 221 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области