Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық биші бүлдіршіндер халықаралық байқаудан жүлделі оралды

Қызылордалық биші бүлдіршіндер халықаралық байқаудан жүлделі оралды

Kyzylorda-news.kz. Мамыр айының 7-12 күндері аралығында Қызылорда қалалық Өнер мектебінің «Балбұлақ» халықтық үлгілі би ансамблі Алматы қаласында өткен үш бірдей халықаралық байқауда жеңімпаз атанды.

«Жеті Өнер» балалар мен жастар шығармашылық фестиваль-конкурсы, «Дала сазы» халықаралық балалар мен жастар шығармашылығының конкурсы және «Бала шабыты» халықаралық конкурстық жобасында өнер көрсетіп, барлық байқаудан да бас жүлдеге ие болды. Қызылорда қалалық Өнер мектебінің «Балбұлақ» халықтық үлгілі би ансамблінің 2-сыныбында оқитын бұл өрендері жоғарғы деңгейдегі байқауларға алғаш барғанын ескерсек, бұл Сыр елі үшін тамаша жетістік.
Аталаған байқауларға Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстанның барлық аймақтарынан 100-ге жуық би ұжымдары қатысып, бақ сынады. Байқауларға Қазақстан Республикасының Мәдениет және өнер қайраткерлері, Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің, Құрманғазы атындағы консерваторияның профессорлары қазылық етті.
Сонымен қатар, «Балбұлақ» халықтық үлгілі би ансамблінің жетекшісі Айгүл Құттымұратова мәдениет пен өнерді дамытуға қосқан үлесі мен жетістіктері үшін «Өнер жанашыры», «Үздік тәлімгер» төсбелгілерімен марапатталды. Сондай-ақ жас өнерпаздарды шығармашылыққа баулып жүрген Аружан Сәбитова, Шолпан Нұрманова өнерді дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хаттармен марапатталды.



13 мамыр 2019 ж. 30 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области