Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада бал билері жанры бойынша халықаралық жарыс өтті

Қызылордада бал билері жанры бойынша халықаралық жарыс өтті

Қызылордада халықаралық бал биінен Еуразия кубогі сарапқа салынды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz«Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.
Украина, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь, Оңтүстік Корея мемлекеттерінен және ел аумағынан 500-ден астам биші жиналған сайыс жастар жылына арналып отыр. Сыр өңірінде 2-ші рет ұйымдастырылып отырған көркем эстетикалық байқаудың қатысушылары латынамерикалық және еуропалық нұсқалары бойынша сынға түсті. Жарысты бастаған жасөспірімдерден кейін паркетке 4 жастан асқан бүлдіршіндер шықты.
«Отандық өнерпаздардың әлемнің үздік би орындаушыларымен бірге өнер көрсетуін мақсат тұтты. Бәсекелестік жоғары болған жерде жас бишілеріміздің шеберлігі шыңдала түседі. Қызылордада Кеңестік кезеңнен бал билері мектебі қалыптасқан. Шығармашыл жастардың өнерін шыңдауға бағытталған байқаулардың көптеп ұйымдастырылуы арқасында сырбойылық өрендер көп жетістіктерге қол жеткізіп отыр», - дейді ұлттық би кеңесінің президенті Игорь Ким.


08 сәуір 2019 ж. 21 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области