Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » РУХАНИ КЕЛІСІМ – БЕЙБІТШІЛІК КЕПІЛІ

РУХАНИ КЕЛІСІМ – БЕЙБІТШІЛІК КЕПІЛІ


    Сырдария ауданында «Рухани келісім – бейбітшілік кепілі» тақырыбында шығармалар байқауы өтті. Байқауға білім беру мекемелерінің қызметкерлерімен қатар студенттер, оқушылар қатысты.
    Аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен және «Иман – 2013» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен дәстүрлі шығармалар байқауы биыл да жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
    Байқау соңында «Иман – 2013» қоғамдық қорының төрағасы М.Келдібаев, аудандық «Жастар ресурстық» орталығының кеңесшісі С.Сыздықова байқау қорытындысын жария етті.
    Атап айтқанда, Сырдария агротехникалық колледж студенттері Құралай Досмағанбет мен Гүлсая Жаппарова ынталандыру сыйлығына лайықты деп танылды. Жүлделі ІІІ орындар осы колледждің мұғалімі Гүлістан Исмайлова мен Шаған ауылындағы №37 мектеп-лицейінің мұғалімі Эльмира Бисембаеваға бұйырды. Екінші орынды Бекнұр Сұлтанбеков пен Гүлназым Саматова қанжығасына байлады. Ал І орынды №131 Т.Қозыбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Махаббат Сайымова мен шағандық оқушы Назым Серікбаева жеңіп алды.
    Жеңімпаздарға Алғыс хат пен естелік сыйлықтар берілді. Байқауды қорытындылаған «Иман – 2013» қоғамдық қорының төрағасы М.Келдібаев қатысушыларға лебізін білдіріп, қызметтеріне жеміс тіледі.
    Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ.
    Сырдария ауданы.

29 қараша 2017 ж. 168 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области