Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖАЛАҒАШТАН ЖЕТКЕН ЖЫРАУЛАР ҮНІ

ЖАЛАҒАШТАН ЖЕТКЕН ЖЫРАУЛАР ҮНІ


    Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында Таң ауылдық округінде Ұлы Отан соғысының ардагері Əубəкір Есжанұлының 100 жылдығы жəне Батыр ана Алтын Ұлықызының 90 жылдығына арналған облыстық жыраулар фестивалі өтті.
     Фестивальді аудан əкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов жəне аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Әлиев ашып, республикаға белгілі айтыскер ақын А.Рахметов жыр арнады.
    Фестивальде есімдері дүйім жұртқа танымал жыраулар, атап айтқанда А.Тəңірбергенов, М.Сүгірбай, К.Түрікпен, Д.Ахметов, Н.Нұрбаевтар қатысып, көпшілік қауымның ыстық ықыласына бөленді. Шара соңында С.Ыдырысов пен А.Рахметов ел назарына ұстаз бен шəкірттің айтысын ұсынды. Тыңдарман қауымды ән-жырмен сусындатқан термеші жыраулар фестиваль соңында арнайы Дипломдармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
    Артынша көптің күткен ат жарысы басталды. Баба рухына арналып, құран бағышталды, үлкен ас берілді.  

29 қараша 2017 ж. 109 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области