Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ДОСТЫҚ ПЕН БІРЛІК БЕСІГІ

ДОСТЫҚ ПЕН БІРЛІК БЕСІГІ


    Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен «Қызылорда корейлер қауымдастығы» облыстық филиалының ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың 28 қарашасында Н.Бекежанов атындағы музыкалық-драма театрында «Корейлердің Қазақстанда тұрғанына 80 жыл» атауымен салтанатты кеш өтті. Мерекелік кеш аясында Кореяның белгілі фотографы Ким Джин Соктың фотокөрмесі өтті.
    Шараға облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, Алматы қаласындағы Корея Республикасының Бас Консулы Чжон Сын Мин, Консул Ли Менг Дже, республикалық корей этномәдени бірлестігінің, Қазақстандағы Корея елшілігінің жанындағы корей мәдениеті орталығының жауапты қызметкерлері, Алматы қаласының «Бидангиль» вокалдық топ, облыстағы этномәдени бірлестіктің жетекшілері мен белсенділері, зиялы қауым өкілдері басқа да конақтар қатысты.
    Айта кету керек, корейлердің Қазақстанға көшіп келуі Қазақстанның ауылшаруашылығының көтерілуіне игі ықпалын тигізді. Деректерге сүйенсек, Қазақстанға 30856 адамы бар 104 кəріс жер шаруашылығымен айналысқан колхоз көшірілген. Сонымен бірге 13 балық шаруашылығы колхозы, 10782 жұмысшы, 15047 қызметкерлер жəне тағы басқа мыңдаған аралас колхоз мүшелері, артель жұмысшылары келді. 1937 жылдың 21-тамызында Кремльдің жасырын жарғысымен корей этносының өкілдері Қазақстанға жер аударыла бастады. Шалғай Шығыстан 90 эшелонмен 20789 отбасы, яғни 98454 корей этносының өкілдері көшірілді.
    Солардың ішінде корей халқының батырлары – Хом Бом До, Ге Бон У бар. Ол кездегі саяси-әлеуметтік жағдай қазақ халқы үшін де оңай соқпады. Халықты құлазытып кеткен ашаршылық, халық жауы деген жалған айыптар тағылып, саяси репрессиялардың жүргізілуі соның куәсі еді. Олар қазақ халқының құрметіне сай болу үшін елге, жерге деген ықыластықты білдіру мақсатымен білек сыбана еңбекке араласты. Әсіресе, күріш өсіру шаруашылығында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Осы еңбектерін елеген басшылық облыс бойынша корей этносының 28 азаматына Социалистік Еңбек ері атағын берді.
    1937 жылы Қиыр Шығыстан жер аударылған корей халқымен бірге келген корей педагогикалық институтының негізінде Сыр өңірінде алғаш жоғарғы оқу орны ашылды.
    Түрлі этнос өкілдері қиын-қыстау кезеңде өзектен теппей, қолтығынан демеген қазақ халқына деген ілтипат пен махаббаттары олардың жүрек төрлерінде мәңгілікке сақталады.
    Осыдан 80 жыл бұрын Сыр еліне Қиыр шығыстан жер аударылған корей этносының өкілдері барлық замана ауыртпалығын еңсеруге еселі еңбегімен өз үлестерін қоса білді. Олар тағдыр теперішіне ұшыраған сәтте құшағын ашып, бауырына басқан жергілікті қазақ халқымен біте қайнасып, ынтымақта өмір сүріп, әр салада еңбек етіп, ел дамуына елеулі үлесін қосып келеді.
    Бүгінгі салтанатты кеште корей этносының өкілдері облыс әкімі Алғыс хатымен марапатталды.






29 қараша 2017 ж. 66 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области