Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Халықаралық театр күні аталып өтті

Халықаралық театр күні аталып өтті

Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрының ұжымы Халықаралық театр күнін салтанатты түрде атап өтті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

«Өнердің ақ сарайы» атты шарада киелі өнер қарашаңырағының қызметкерлерін мерекемен облыс әкімінің кеңесшісі Ержан Әбдірахманов құттықтады.
Мерекелік кеште мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының құттықтау хаты оқылды. Театрдың бірқатар қызметкері облыс әкімі және облыс әкімі орынбасарының алғыс хатын иеленді. Марапатталғандар қатарында артистер Бектеміс Ботбаев, Сырым Әбдіразақов, Айгүл Байдалиева, Зәуре Көздібаева бар. Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, салалық, мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы да театр жұмысының алға жылжуына септігін тигізіп жүрген өзге де қызметкерлердің еңбегін елеусіз қалдырған жоқ. Театр директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мұхит Әбдікәрімов кәсіптік одақ атынан «Еңбек даңқы» төсбелгісін кеудеге тақты. Театр артистері Нұрлыбек Шыналиев, Айқыз Қосмаханова, костюмер Ләззат Үркінбаева басқарманың алғыс хатын алды.
Спектакльдегі үздік ролі үшін бірқатар сахнагердің есімі арнайы номинацияларда, ал облыстық «Qyzylorda» телеарнасының тілшісі Елжас Әбділдә, Қызылорда қалалық «Ақмешіт апталығы» газетінің тілшісі Бағлан Тілеубергенова «Ең үздік театр өнерін насихаттаушы», қала тұрғыны Маралбек Мұсаев «Ең үздік көрермен» ретінде аталды.
Өнер ұжымы көрермен назарына әуезді ән, сиқырлы бимен өрнектелген концерттік бағдарлама ұсынды.
28 наурыз 2019 ж. 559 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области