Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Университет жас ақындар айтысын ұйымдастырды

Университет жас ақындар айтысын ұйымдастырды

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Домбыра думан» ұйымының ұйымдастыруымен «Жырласа жастар жырласын!» атты облыстық жас ақындар айтысы өтті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аламан айтысқа Қызылорда қаласының ақындарымен қатар облыс аудандарынан да жас ақындар келіп, бақтарын сынады. Солардың ішінде жүзден жүйрек атанып бас жүлдені Қорқыт ата университетнің бірінші курс студенті Бексұлтан Орынбасар жеңіп алса, жүлделі бірінші орынды жалағаштық өнерпаз Еркебұлан Қайнар иеленді. Екінші орынды қызылордалық Динар Рахман қанжығасына байлады. Жүлделі үшінші орынды МО-17-1 оқу тобының студенті Нұржайна Жұматай қанағат тұтты.
Айтысқа төрелік еткен Сырдың белгілі айтыскер ақыны Серік Ыдырысов бастаған қазылар алқасы дүбірді додаға әділ бағасын берді. Көпшілікке рухани демалыс сыйлаған мұндай өнегесі мол шара алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

14 наурыз 2019 ж. 102 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области