Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада «Жастар жырлайды» республикалық ақындар айтысы мәресіне жетті

Қызылордада «Жастар жырлайды» республикалық ақындар айтысы мәресіне жетті

Қызылордада Жастар жылына және Әйтеке бидің 375 жылдығына орай «Жастар жырлайды» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Бас жүлде қызылордалық айтыскер Нұрмат Мансұровқа бұйырды.

Жыр додасына республикаға танымал Аспанбек Шұғатаев (Павлодар қаласы), Рүстем Қайыртайұлы (Алматы қаласы), Аруна Керімбек (Тараз қаласы), Біржан Байтуов (Шымкент қаласы), Дәурен Ысқақ (Астана қаласы), Райымбек Өтепов (Орал қаласы) және Сыр елінен Нұрмат Мансұров, Сырым Әділбек, Нұрзат Қару, Бексұлтан Орынбасаровтар қатысты.
Аламан бәйгеде облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов сөз алып, шешен-бидің өнегелі өмірі мен тағылымды ой-пікірін көпке үлгі етіп, қатысушы ақындарға сәттілік тіледі.
Сонымен қатар, айтысқа қатысушы ақындардың өнерін бағалау үшін, қазылар алқасының төрағасы Жүрсін Ерман бастаған «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп, «Ана тілі» газетінің бас редакторы Жанарбек Әшімжан, жазушы-журналист Айжарық Сәдібекұлы және айтыскер ақын Кенжебай Жүсіповтер қазылық етті.
Айтысты екі дүркін «Алтын домбыра» иегері Мұхтар Ниязов жүргізді.
Қазылар алқасының шешімімен аламан айтыстың бас жүлдесін жерлесіміз Нұрмат Мансұров еншілесе, I орын – Алматы қаласынан Рүстем Қайыртайұлы, II орын – Шымкент қаласынан Біржан Байтуов, III орын – Тараз қаласынан Аруна Керімбек және Павлодар қаласынан Аспанбек Шұғатаевтарға бұйырды. Сондай-ақ, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар жүлдесі» номинациясымен Орал қаласынан келген жас ақын Райымбек Өтепов марапатталды.


15 ақпан 2019 ж. 248 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области