Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада «Жастар жырлайды» республикалық ақындар айтысы өтті

Қызылордада «Жастар жырлайды» республикалық ақындар айтысы өтті

Бүгін Қызылорда қаласында "Жастар жырлайды" атты республикалық ақындар айтысы өтті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы ұйымдастырған жастар айтысы Жастар жылына және Әйтеке би Бәйбекұлының 375 жылдығына арналды.
Республикалық айтыстың шымылдығын айтыскер ақын, екі дүркін «Алтын домбыра» иегері Мұхтар Ниязов ашты.
Ежелден елдік мүддені негіз еткен айтыс өнері арқылы қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан ұлтымыздың бірегей тұлғасы Әйтеке би Бәйбекұлының даналық өсиеттерін, шаршы топта сөз бастаған шешендігі мен қара қылды қақ жарған әділ төрелігін ұрпаққа үлгі ету, жастарды ұлттық өнерге баулу және жас таланттар арасынан жаңа есімдер табу – бүгінгі айтыстың негізгі мақсаты.
Жыр додасына республикаға танымал айтыскер ақындар қатысып, ұлттық өнерді ұлықтады. Атап айтар болсақ, бұл жыр бәйгесінде Шұғатаев Аспанбек (Павлодар қаласы), Рүстем Қайыртайұлы (Алматы қаласы), Аруна Керімбек (Тараз қаласы), Біржан Байтуов (Шымкент қаласы), Дәурен Ысқақ (Астана қаласы), Райымбек Өтепов (Орал қаласы) және Сыр елінен Нұрмат Мансұров, Сырым Әділбек, Нұрзат Қару, Бексұлтан Орынбасаровтар бақ сынады.
Сонымен қатар, айтыстың қазылар алқасына ақын, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың екі мәрте иегері, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман төрағалық етсе, ақын, «Құрмет» орденінің иегері, «Алтын Адам» сыйлығының лауреаты, «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп, ақын, республикалық «Ана тілі» газетінің бас редакторы Жанарбек Әшімжан, жазушы-журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның құрметті журналисі, «Мәдениет қайраткері» белгісінің иегері Айжарық Сәдібекұлы, айтыскер ақын, «Мәдениет қайраткері» белгісінің иегері Кенжебай Жүсіпов қазылық етті.
Республикалық айтыс ертең А.Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде жалғасын табады.




14 ақпан 2019 ж. 264 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области