Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада термешілердің концерті өтті

Қызылордада термешілердің концерті өтті

Қалалық А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде жыршы-термешілердің концерті өтті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Мәдени шара Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында ұйымдастырылды.
Концертте Шолпан Бимбетова, Ақмарал Ноғайбаева, Майра Сәрсенбаева, Руслан Ахметов, Күнсұлу Түрікпен, Әділхан Қуанбаев, Марат Сүгірбай, Бисенбек Төлеубаев секілді жыршы-термешілер өнер көрсетті.
Кеште «Жыр бастау», «Жолаушы мен дана», «Қамын ойла халықтың», «Шөлмек», «Төрт дос», «Бір шалдың хикаясы», «Өмір өткелдері», «Жас ағаш», «Өсиет» секілді мысал-термелер орындалды.

08 ақпан 2019 ж. 91 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области