Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Димаштың Америкадағы The World's Best байқауында өнер көрсеткен видеосы жарияланды

Димаштың Америкадағы The World's Best байқауында өнер көрсеткен видеосы жарияланды

Әнші Димаш Құдайбергеннің Америкадағы The World's Best байқауында өнер көрсеткен видеосы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетсек, бұған дейін Америкадағы The World's Best таланттар байқауы қазылар алқасының қазақстандық мүшесі Гаухар Нұртас Инстаграмдағы парақшасында қазақстандықтар Димаштың ән шырқағанын қашан және қай жерден көруге болатынын, сондай-ақ байқауда ол үшін қалай дауыс бере алатыны жайында жазған еді.
«Сәрсенбі, 6 ақпан, Лос-Анджелес уақытымен сағат 20:00-де The World's Best таланттар байқауының екінші эпизоды басталады. АҚШ-тан тыс елдегі жанкүйерлер, Instagram және Youtube-та менің live көрсетіліміме қосылыңыздар», - деп жазды Гаухар Нұртас.
Қазақстандықтар Димаш пен Данэлия үшін Туиттерде дауыс бере алады.
Димаштың бүгін жанкүйерлері көптен күткен видеосы байқаудың Ютубтағы арнасында жарияланды.
Ал Инстаграмдағы dimash.dostar парақшасында Димаштың қазылардың ең жоғарғы бағасын алғаны туралы видеосы жарияланды.
«Қалайсыздар, dears! (әнші жанкүйерлері - авт.) Мұны да ақыры көрдік және ол ғажап болды! Төрешілер Димашқа ең жоғарғы 50 ұпай берді. Димаш сондай-ақ, «Әлем қабырғасынан» 48 ұпай. Енді кішкене тынысымызды кең алып, келесі кезеңге дайындалуға болады», - делінген жазбада.



07 ақпан 2019 ж. 266 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области