Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық «Яксарт» би тобы республикалық байқаудан жеңімпаз атанды

Қызылордалық «Яксарт» би тобы республикалық байқаудан жеңімпаз атанды

Қызылорда қалалық білім бөліміне қарасты оқушылар мен жасөспірімдер үйінің «Яксарт» би тобы Алматы қаласында өткен «Little Star» республикалық өнер байқауында І орынға ие болды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.

Аталған байқауда «Яксарт» би тобы қазақ биін және заманауи би ұсынды.
Жеңімпаздар бұл сайыстың қорытындысы бойынша халықаралық турнирге жолдама алды. Енді олар 20-25 ақпанда Астана мен Алматы қалаларында өнер көрсететін болады.
«Яксарт» би тобының құрамына 15 баладан құралған үлкен топ және 12 баладан құралған кіші топ кіреді. Би тобының жетекшісі Руслан Бабасов – балаларды өнерге дайындауда аянбай еңбек етіп, жеңісі мен жемісін көріп жүрген білікті маман.
04 ақпан 2019 ж. 46 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области