Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БЕСАРЫҚТЫҚ БАЛАЛАР БИІКТЕН КӨРІНДІ

БЕСАРЫҚТЫҚ БАЛАЛАР БИІКТЕН КӨРІНДІ


    Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында "Үркер" шығармашылық дамыту орталығының ұйымдастыруымен рухани жаңғыру бағдарламасының аясында "Менің елім – Мәңгілік ел" атты халықаралық  балалар байқауы болып өтті.  
     Кіл талантты өрендер жиналған бұл байқауға Сырдария ауданы Бесарық ауылындағы Өнер мектебінің баяншылар ансамблі (жетекшілері Ф.Есіркепова мен Қ.Әйтімов) мен "Мереке-Думан" би тобы (жетекшісі Ө.Оспанбеков) қатысты.
    Баяншылар ансамбліне байқаудың күміс жүлдесі табыс етілсе,  "Мереке-Думан" би тобы алғыс хат иеленді.
    Өнерлі балалар табысына қуанған ауыл тұрғындары оқушыларды осындай биікке жетелеген ұстаздарына алғыстарын білдіруде.

22 қараша 2017 ж. 284 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области