Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «БАЛАҒА МЕЙІРІМДІ ҚАЗАҚСТАН»

«БАЛАҒА МЕЙІРІМДІ ҚАЗАҚСТАН»


    «Балаға мейірімді Қазақстан» республикалық балалар форум-фестивалі биыл Астана қаласында өткізілді.
    «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы негізінде өскелең ұрпақтың жасампаз азаматтық ұстанымы мен бай рухани құндылығын қалыптастыруды мақсат еткен шараға республиканың барлық өңірлерінен келген 320 қоғамдық ұйым көшбасшылары, республикалық және халықаралық интеллектуалды олимпиадалардың және шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары қатысты. Біздің өңірден шығармашылықта да, оқуда да жетістіктерге жетіп жүрген 20 оқушы аттанды.
    Форум-фестивалге қатысушылар үшін республикада балалар қозғалысын ұйымдастырудағы және жандандырудағы өзекті мәселелерді талқылауға, оқушылардың шығармашылық, ғылыми, қоғамдық әлеуетін көрсетуге, балалар ұжымының арасында шығармашылық байланысты нығайтуға арналған 12 алаң ұйымдастырылған.
    «Балаға мейірімді Қазақстан» республикалық форум-фестивальге қатысушы балалар Астананың көрнекті жерлерін аралап өтті. Шараның жабылу салтанатында фестивальге қатысушылардың гала-концерті өткізілді. Ол Қызылорда қаласындағы №7 орта мектеп оқушысы Бақдәулет Исабековтің орындауындағы әнмен ашылды.  Концерт көрермендері №8 мектеп-интернаты оқушысы  Айсұлу Аймұраттың та өнерін жоғары бағалады.
    Форум-фестивальге қатысушы балаларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

22 қараша 2017 ж. 286 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области