Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ТАУ ТҰЛҒА ТҰРМАҒАМБЕТ ЖЫРЫ – МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ТӨРІНДЕ!

ТАУ ТҰЛҒА ТҰРМАҒАМБЕТ ЖЫРЫ – МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ТӨРІНДЕ!


    «Нұр Отан» партиясы Жалағаш аудандық филиалы және «Жас Отан» Жастар қанаты ұйымының аудандық бөлімшесінің ұйымдастыруымен «Тау тұлға Тұрмағамбет жыры – мәңгілік елдің төрінде!» тақырыбында аудандық көркем сөз оқу шеберлерінің сайысы өтті. Онда Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжінің студенттері және аудан мектептерінің 8-11 сынып оқушылары Сыр сүлейі, шайыр Тұрмағанбет Ізтілеуұлының өлеңдерін мәнерлеп оқудан бақ сынады.
    Жарысқа Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Т.Мәдиев, Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Жалағаш аудандық филиалының төрайымы Д.Мирман, ҚР мәдениет қайраткері, белгілі жырау Б.Саймағанбетов, Ш.Ермағанбетова атындағы №246 орта мектеп директорының орынбасары Г.Бекмолдаева, «Жалағаш жаршысы» газетінің жауапты хатшысы Қ.Ахетовтер қазылық жасады.
    Шараны «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Мұстафаева ашып, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар; Рухани жаңғыру» мақаласы аясында өткізіліп отырған сайыстың мақсатын айтып өтті. Ережеге сәйкес бақ сынаған 24 талапкер ақын жырларын (2 өлеңнен) жатқа оқыды, екінші сол шығарманың мәнін ашып түсіндірді. Үшіншіден Тұрмағанбет Ізтілеуұлының өмірбаяны мен басынан өткен түрлі оқиғаларын айтты. Шара барысында жыраулық дәстүрді жалғаушы жыр дүлдүлі Бидас Рүстембекұлы ақынның жауһар жырлары халқымыз үшін қымбат қазына екенін және ол кейінгі ұрпақ тәрбиесіне қалтқысыз қызмет жасай беретінін жеткізіп, ұлыларын ұлықтап жатқан Жалағаш жұртшылығына ыстық лебізін білдірді.
    Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, жырау Б.Саймағанбетов кешегі кеңестік дәуірдің қыспағын көп көріп, халық жауы деген жазықсыз жаланың құрбаны болған Тұрмағамбет Ізтілеуұлының артында қалған мол мұрасы қазірде халықтың қастерлі қазынасына айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жаңғырып жете беретініне сенім білдірді.
    Сайыс қорытындысы бойынша І орынды №118 орта мектептің 9-шы сынып оқушысы Аружан Нұрадин жеңіп алды. Ал, ІІ орын №32 мектеп-лицейінің 8-ші сынып оқушысы Қаласар Әлімбекке бұйырды. Жүлделі ІІІ орынды №123 мектеп-лицейінің 9-шы сынып оқушысы Гаухар Сансызбай мен №124 орта мектептің 10-шы сынып оқушысы Айзат Серікбай өзара бөлісті.
    Жеңімпаздарға аудандық партия филиалының дипломы және арнайы сыйлықтар табыс етілді. Сондай-ақ, «Өнерлі өрен» номинациясымен №117 орта мектептің 9-шы сынып оқушысы Аяулым Төрехан, «Жыр-дастан жанашыры» номинациясымен №119 орта мектептің 8-ші сынып оқушысы Инабат Дәуітбай, «Көрермендер көзайымы» номинациясымен №203 орта мектептің 9-шы сынып оқушысы Нұртуған Мәжит, «Талантты оқушы» номинациясымен №246 орта мектеп 9-шы сынып оқушысы Ақниет Бақтиярова марапатталды.  
    Айта кетейік, тағылымды шараға руханият жанашырлары, жеке кәсіпкерлер Аманжол Қауымбаев пен Самат Сарбасовтар қаржылай демеушілік жасады.
    Қ.АДИС

22 қараша 2017 ж. 277 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области