Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қармақшыда «Сырымды жеткіз жырларым» атты мүшәйра өтті

Қармақшыда «Сырымды жеткіз жырларым» атты мүшәйра өтті

Қармақшыда «Сырымды жеткіз жырларым...» атты облыстық жазба ақындар мүшәйрасы өтті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Мүшәйра «Қармақшы ауданының құрметті азаматы» ақын, ұстаз Мұхамбетқали Шыңғысовтың туғанына 90 жыл толуына орай Көшеней Рүстембеков атындағы аудандық «Жыраулар үйінің» ұйымдастыруымен өткізілді. Жыр додасына 12 ақын қатысты.
Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Меңлібаев құттықтау сөз сөйлеп, қатысушы талапкер ақындарға сәттілік тіледі. Ал ақын Мұхамбетқали Шыңғысовтың көзін көрген зиялы қауым өкілдері естеліктер айтты. Қармақшы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қаршыға Есдәулетов және аудандық мәслихат депутаты, ақын Алтай Үсенов ақынның өмірінен сыр шертіп, кейінгі ұрпаққа өнегелі істерін үлгі етті.
Мүшәйраға нәтижесі бойынша бас жүлдені Қызылорда қаласынан келген Ғабит Кәдірбай жеңіп алды. Қазалылық Ақжол Түменбай бірінші орын тұғырынан көрінсе, Қармақшының ақыны Орынкүл Тынымбаева екінші орынды қанжығасына байлады. Тұрар Бекмұрзаев үшінші орынды қанағат тұтты.
07 желтоқсан 2018 ж. 262 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области