Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қарттар мен мүгедектер үйінде қайырымдылық концерті өтті

Қарттар мен мүгедектер үйінде қайырымдылық концерті өтті

Қызылордадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары, ата-аналары, және мектеп әкімшілігі аймағымыздағы Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйінде болып, қайырымдылық шарасын өткізді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz мектептің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл шара «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның 10 жылдығы мен Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 5 жылдық мерейтойлары аясында ұйымдастырылды. «Номад» Шаңырақ Қауымдастығы әзірлеген концерттік бағдарлама бойынша оқушылар ұлттық билер мен патриоттық әндерді орындап, мектептің халық аспаптар ансамбілінің мүшелері жырдан шашу шашты. Сондай-ақ, қазақтың күмбірлеген қара домбырасында күй ойнап, көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.  
Концертке келген әжелер мен аталар оқушылармен бірге сүйікті әндерді шырқап, би биледі.
Кеш соңында ұйымдастырушылар қарттарды ҚР Тәуелсіздік күнімен құттықтап, сыйлықтар үйлестірді.
Айта кетейік, бүгінде медикалық-әлеуметтік мекемеде 173 адам, оның ішінде 74 мүмкіндігі шектеулі жандар мен 99 қарттар тұрмыстық, медициналық және әлеуметтік көмек алып жатыр.



07 желтоқсан 2018 ж. 258 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области