Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «БІР ЖҰЛДЫЗ БОП ЖАНАМ МЕН...»

«БІР ЖҰЛДЫЗ БОП ЖАНАМ МЕН...»


    Зейнолла Шүкіровтің туғанына 90 жыл толуына орай Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Бір жұлдыз боп жанам мен...» атты жыр кешін ұйымдастырды.
    Шара мақсаты ақын, жазушы З.Шүкіровтың шығармашылығымен, оқырман қауымға кеңінен таныстыру.
    Аталмыш іс-шараға «Болашақ» медициналық колледжінің медицина биофизика пәнінің оқытушысы Алпысбай Шүкіров, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Толыбай Абылаев, С.Ысқақов атындағы «Құрылыс және бизнес» колледжінің қазақ тілі пәнінің оқытушысы Д.Дәлиева, Қызылорда гуманитарлық экономикалық колледж директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айнұр Қосжанова, №140 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Марал Қосанова қатысты.
    Абылайхан атындағы колледж студенті Нұржанова Айдана жазушының «Сыр бойы» атты тарихи романы туралы өз пікірімен бөлісіп, әрі ақынға арнаған өлеңін оқыды. Қызылорда гуманитарлық экономикалық колледж директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.С.Қосжанова қаламгердің баға жетпес мол мұраларын оқуға шақырды.
    Шара барысында «Кездесу» клубының мүшелері А.Нетуллина, Г.Құрмабаева, Г.Рамазанова, Зейнолла Шүкіровтің «Ай», «Уақыт», «Уа, балалық қүндерім», «Өкініш», «Ауруханада», «Табиғат туралы бір ой» өлеңдерін және қайсар ақын рухына арналған Толыбай Абылаевтың «Қыран шайыр» атты арнауын көрермендерге тарту етті.
    Кеш барысында «Қайсар рухты ақын» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.  

16 қараша 2017 ж. 198 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области