Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАСТАР АРАСЫНДА ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАСТАР АРАСЫНДА ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ


А.Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде мүмкіндігі шектеулі жастар арасында «Өнерім саған, Қазақстан!» атты фестиваль өтті. Шараны Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастырды. Фестивалге 31 ерекше жағдайды қажет ететін жастар қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.
Шараға республика, облыс көлемінде бұрын өнер көрсетіп жүрген Сағатбек Сиюов , Диана Смағұлова , Айгерім Оразбаева сынды белсенді жастармен бірге, Шиелі, Қазалы аудандарынан келген Шынар Талғатқызы, Қайрат Алмағанбетов, Мадияр Жеткербай сияқты жас өнерпаздар да қатысты.
«Елімнің жүрегі Астана» әнімен басталған өнер кеші «Тодес», «Аққу», «Үнді» билерімен жалғасып, «Жаса Қазақстан» әнімен көркемделіп, «Ғажайып түс» әнімен қорытындыланды. Халықаралық деңгейде өнер көрсетіп жүрген «Белес» би тобы «Испан» биін билеп, көрермендерді тәнті етті.
Шара соңында облыстық жастар саясаты басқармасының бас маманы Гүлнар Сәрсенбай мен «Азаматтық Альянс» Қауымдастығы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай барлық қатысушыларға алғыс білдіріп, мерекемен құттықтады.







25 қазан 2018 ж. 53 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области