Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАЛА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ШАРА

ҚАЛА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ШАРА


Н.Бекежанов атындағы драма театрында өткен салтанатты шарада ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіқалықова Сыр жұртшылығын мерейтоймен құттықтап, Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қызылорданың 200 жылдығына орай жолдаған құттықтауын жеткізді.
«Ерте замандардан бері ұлтымыздың ұйытқысы болған Сыр өңірі – қазақ баласы үшін қашан да қадірлі. Қобыз атасы – Қорқыт бабамызға топырақ осы даладан бұйырды. Осы байтақта қазақ жыршылық өнерінің айрықша мектебі қалыптасты.
Шығыс даналығында: «Халықтар қалаларды, ал қалалар мемлекетті құрайды» деген тәмсіл бар. Өркениеттің өлшеуіндей болған әсем қалалардың Сыр бойында болғаны да тегін емес. Әлеуметтік-саяси мақсаттарды жүзеге асыруда сол қалалардың маңызы ерекше болды. Бүгінгі Қызылорданың бағасы да солардан кем емес.
Алмағайып замандарда Сыр өңірі талай ұлт пен ұлысты жат деп жатсынбай, бауырына басты. Сасқанға сая, жабырқағанға пана болды.
Алғашқы өнер-білім ордалары орын тепкен, ұлт зиялылары шоғырланған Қызылорда өңірі бүгінде Тәуелсіз Қазақстанның өсіп-өркендеген іргелі облысына айналды. Қызылорда қаласы Сырдың сол жақ жағалауына қарай кеңейіп, сәулеті мен дәулеті келіскен шаһарға ұласты. Жаңарған, жасарған Қызылорда – азаттығымыздың айқын көрінісі, ынтымағымыздың жемісі.
Берекелі Сыр жұртшылығына ырысты ынтымақ пен берекелі бақ тілеймін! Екі ғасыр қазақ топырағын тебірентіп, қазақ баласын тербетіп келе жатқан қасиетті жер аман болсын!» - делінген Елбасының құттықтау хатында.
Мұнан соң облыс әкімі Қ.Көшербаев аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады.
Салтанатты шарада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова, Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, мемлекет және қоғам қайраткері Виталий Брынкин, ҰҒА академигі Асқар Жұмаділдаев, ақын, Мемлекеттік премия лауреаты Иранбек Оразбаев және ҚР Елтаңбасының авторы, «Құрмет» орденінің кавалері Жандарбек Мәлібеков Қызылорда қаласының 200 жылдығы мерейтойлық медалімен марапатталды.





01 қазан 2018 ж. 42 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области