Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖАЗУШЫ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН ӘДЕБИ КЕШ

ЖАЗУШЫ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН ӘДЕБИ КЕШ


Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында белгілі драматург-жазушы, аудармашы, сыншы, қоғам қайраткері Қ.Мұхамеджановтың 90 жылдығына арналған «Қалтай оқыған кітаптар» атты әдеби кеш өтті.
Замандастарының айтуы бойынша қаламгер Қалтай керемет кітапқұмар адам болған екен. Жиналған кітаптардан кімнің кітабы қай қатарда, қандай сөреде тұрғандығын жатқа білген.
Бірнеше мың кітап – арабша, парсыша, орысша, қазақшаның араб әрпіндегі, латын әрпіндегі кітаптар оның өмір бойғы жинаған байлығы деп айтуға болады.
Қалтай Мұхамеджановтың кітапханасы баяғыда Отырарда жоғалып кеткен, Мысырдағы кезінде отқа оранған Александрия кітапханаларын еске түсіреді.
2015 жылы Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қоры Қалтай Мұхамеджановтың жеке кітапханасның 8 мың данаға жуық кітап қорымен толықтырылды.
Біздің түпкі мақсатымыз – көрнекті жазушының болашақ ұрпаққа қалдырған бай кітапханасындағы білім мұрасын жазушының көзіндей көріп, аманатындай сақтап, оқырмандарға насихаттау.
Осы орайда, оқырмандарды жазушының жинаған кітаптарымен таныстыруға арналған іс-шара Абайдың, Шыңғыс Айтматовтың, Мұхтар Шахановтың, дінтанушы Берікбай Сағындықұлының кітаптарының және қазақ тіліне Қалтай Мұхамеджанов аударған «Мың бір түн» ертегілерінің беташары болды деуімізге болады.
Іс-шараға қатысушылар жазушылардың жекелеген шығармаларын талдап, басқа әдебиеттеріне де шолу жасады.
Мәдени шараға Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университеттің оқытушыcы Қ.Құдайбергенов, Қызылорда аграрлық жоғары колледжінің студенттері мен оқытушысы Г.Мінажадинова қатысып, көпсалалы «Ұлағат» колледжінің студенттері Абай, М.Шахановтың өлеңдерін оқыды.



21 қыркүйек 2018 ж. 870 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области