Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖЫРЛАРЫН ӨЛЕҢ СӨЗБЕН КӨРКЕМ ЕТКЕН

ЖЫРЛАРЫН ӨЛЕҢ СӨЗБЕН КӨРКЕМ ЕТКЕН


Сыр өңірінде ақын Байназар Өтепұлының есімі жақсы таныс. Ол 1903 жылы Қызылорда облысының Қазалы ауданында дүниеге келген. Ауыл молдаларынан сауатын ашады, татар медресесінде білім алады. Орыс мектебі жанындағы мұғалімдер дайындайтын курсты бітіреді. Мектептерде ұстаздық етеді. Қазалы ауданы Қожабақы ауылындағы №25 қазақ орта мектебінің негізін қалаған мектеп меңгерушісі әрі мұғалімі болған осы – Байназар Өтепов.
Халық ақынын ұмытпайды. Қазалы ауданы, Қожабақы ауылындағы мәдениет үйінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында халық ақыны Байназар Өтепұлының 115 жылдық мерейтойы аталып өтті. «Жырларын өлең сөзбен көркем еткен» атты аймақтық ақындар айтысы өтті.
Байназар Өтепұлы ұмытыла бастаған қазақтың айтыс өнерін дамытып, хат арқылы жазба айтысты жандандырған жаңашыл ақынның бірі. Ол облыс көлемінде бірнеше ақынмен жазбаша айтыс ұйымдастырады. Ақынның кейбір айтыстары жергілікті басылымдарда жарияланып отырған.
Бастысы, Байназар ақын Ұлы Отан соғысы жылдары патриоттық жалынды өлеңдерді көп жазды. Ұлы шайыр Жамбылдың жырлары жауынгерлерге рух берсе, Байназар ақынның жырлары ауылдағы адамдарға күш-қуат берді, елдің еңсесін көтерді.
Б.Өтеповтің соғыс жылдары жазған бірқатар жырлары Қазалы аудандық «Большевиктік колхоз үшін» газетінде жарияланды. Адал еңбек етіп, саналы ұрпақ тәрбиелеген ақын 1984 жылы өмірден озды.
Шара басында Аранды ауылдық округі әкімі Қожахмет Мүбәракұлы, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Лайық Айгүл айтысқа қатысушы талапкерлерге сәттілік тіледі.
Сыр өңірінің мәдениеті мен өнеріне өзіндік қолтаңбасын қалдырған ақын марқұм Жетіскен Мәкеналының бастауымен, Жасталап Оңдабаевтың жетекшілігімен Қожабақы ауылдық мәдениет үйі жанынан ашылған Байназар Өтепұлы атындағы жыр-терме мектебінің шәкірттері «Ақынға арнау» термесін орындап, сайыс шымылдығын түрді.
Ақындар айтысын дәстүрлі әнші, ақын, Майдакөл ауылдық клубының меңгерушісі Ағырай Ермекбай жүргізді. Ақындардың өнеріне қазылар алқасының төрағасы, белгілі айтыскер ақын, Арал ауданы жыраулар үйінің жетекшісі, термеші, жыршы Айбек Тәңірбергенов, ақын Әмірхан Қанайұлы, Ақтан батыр ауылынан келген жас ақын Ақжол Түменбаев төрелік жасады.
Байқаудың бас жүлдесін өркендеулік Нұрзат Қару жеңіп алды. Ал бірінші орын Арал ауданынан келген Бексұлтан Орынбасаровқа, екінші орын қожабақылық Аманкелді Тоқтарға, келесі жүлделі орын Майдакөл ауылынан қатысқан Әбдіхан Бекзатқа бұйырды.
Қалған ақындар ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Ең жас ақын майдакөлдік Есебай Өміртай көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, «көрермен көзайымы» номинациясын атанды.
Айта кетейік, шараның жоғары деңгейде өтуіне Аранды ауылдық округіндегі барша мекеме ұжымдары бірауыздан атсалысты.
Айтыстың өтуіне «Агро-Өркен» серіктестігінің инвесторы, жеке кәсіпкер Мерей Есқожаев, аудандық мәдениет үйінің директоры Кемеңгер Өтеп, Аранды ауылдық округі әкімі Қожахмет Қуанғали, «Кішкене ата» өндірістік кооперативінің төрағасы Мұхамеддин Тілеуқабылов, Қожабақы ауылдық мәдениет үйінің директоры Қаламқас Сабитова және ақынның қызы Қасиет Өтепова демеушілік жасады.
20 қыркүйек 2018 ж. 1 120 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области