Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ТЕКЕЙ БАТЫРҒА АРНАЛҒАН ТАНЫМДЫҚ КЕШ

ТЕКЕЙ БАТЫРҒА АРНАЛҒАН ТАНЫМДЫҚ КЕШ


    Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Текей Қарпықұлының 350 жылдығына арналған «Әз Тәукенің бас сарбазы – Текей батыр» атты тарихи-танымдық кеш ұйымдастырылды. Мың өліп, мың тірілген халқымыз ел еркіндігі жолындағы күресте ат арқасына қонған қаһармандарымызды ұмытқан емес.. Ұлтымыздың мемлекет болып қалыптасуы жолында ел тізгінін ұстаған хандар мен ел қорғаған батырлардың есімдері бүгінгі ұрпақ алдында ұлықталып, насихатталуда.
    Батыр бабамыз Текей Қарпықұлы - қазақ ұлтының мемлекеттігін нығайтуда өлшеусіз үлес қосып, ел билеу ісіндегі өзінің даналығымен дараланған Тәуке ханның бас батыры болған. Әз Тәуке ханның тұсында бес жорық жасалса, соның екіншісі 1711 жылы болды. Оған Текей батыр бас қолбасшы болады.  
    Шарада Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Меруерт Аңсатова  мен «Қорқыттану және өлке тарихы» ғылыми зерттеу институтының ғылыми қызметкері Бақытжан Ахметбек қатысушыларға қолбасшы туралы тарихи деректерден мәлімет берді.
    «Тәуелсіздік тұмары – Текей батыр!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалынды.

18 қазан 2017 ж. 1 113 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области