Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ДЕЛЬФИЙ ОЙЫНДАРЫ: ӨНЕРІМ – РУХАНИ ҚАЗЫНАМ

ДЕЛЬФИЙ ОЙЫНДАРЫ: ӨНЕРІМ – РУХАНИ ҚАЗЫНАМ


    Петропавл қаласында республикалық ХІІІ Ұлттық жастар дельфийлік ойындары өтті.
    «Өнерім – рухани қазынам» ұранымен өткен сайысқа Қазақстанның 14 өңірі мен Алматы, Астана қаласынан 600 қатысушы келді.  10 мен 25 жас аралығындағы жастар қатысатын, өнердің барлық түрін қамтыған (бейнелеу, орындау, қолданбалы, ауызша, әлеуметтік, экологиялық) сайыс өнерлі өрендердің ертеңіне жолашар шара саналады.
    Он сегіз номинация бойынша өткен сайыста бірінші орынды Солтүстік Қазақстан облысының командасы иеленді, екінші орын Астана қаласының командасында, үшінші орын иегері – ақмолалық жастар.  
    ХІІІ Ұлттық Дельфий ойындарында Қызылорда облысының делегациясы жаксы өнер көрсетіп шықты. Аймақ өнерпаздарының көрсеткіші 3 алтын, 3 күміс. Сонымен қатар, барлық қатысушылар арнайы дипломдармен марапатталып, 6- орынға тұрақтады.  
    Ыммен əн салу номинациясында қызылордалық Қуандық Еркебұлан алтын медаль иеленді.
    Халықтық орындау аталымындағы кіші топтан шиелілік Ділназ Ташмұхамед осындай марапатқа ие болды. Шиелі ауданы Алғабас ауылындағы №157 орта мектептің 6 сынып оқушысы  Ділназ Ташмұхамедті дельфийлік ойындарға әуез мектебінің мұғалімі Нұртілек  Ақтаев дайындаған.
    Үздік ыммен əн орындаушыны жарысқа әзірлеген Мария Базарға да алтын медаль табысталды.   
    Декоративті-қолданбалы өнер аталымында жерлесіміз Жанна Əбубәкірге  күміс медаль бұйырды. Дәл осындай марапатқа жас домбырашы Әнел Қарқожақова, фортепианошы Нұрсұлтан Амангелдіұлы ие болды.
     Академиялық орындаудан Алтынбек Арыстанбек пен Дархан Жамантаев арнайы сыйлықпен марапатталды.
    Қалған қатысушылар ХІІІ Ұлттық Дельфий ойындарының дипломанттары атанды.

09 қараша 2017 ж. 256 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области