Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «СЫРДАРИЯ ІІ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

«СЫРДАРИЯ ІІ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

Серпінді Сырдария ауданының 90 жылдығына орай жарыққа шыққан «Сырдария ІІ» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Аудандық мәдениет үйінде ұйымдастырылған іс-шараға зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, мерейтой қонақтары, аудан тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Кітаптың тұсауын облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, «Қызылорда облысының Құрметті азаматы» С.Шаухаманов кесті.
Кітаптың алғашқы даналары құрметті меймандарға және де аудандық тарихи-өлкетану мұражайының директоры М.Омаров пен аудандық орталық кітапхананың директоры Г.Нұржакиеваға тапсырылды.
Айта кету керек, «Сырдария ІІ» кітабы 1000 дана таралыммен шыққан. Кітапта 90 жылдық тарихы бар ауданның әр жылдардағы жетістіктері кеңінен жазылған. Сонымен бірге, ауданнан шыққан еңбек майталмандарының өмірбаяндарынан мәліметтер келтірілген.



11 тамыз 2018 ж. 161 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области