Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «ФРИНДЖ» ӨНЕР ФЕСТИВАЛІНДЕ «АҚБАЯН» СПЕКТАКІЛІНІҢ КӨРСЕТІЛІМІ ӨТТІ

«ФРИНДЖ» ӨНЕР ФЕСТИВАЛІНДЕ «АҚБАЯН» СПЕКТАКІЛІНІҢ КӨРСЕТІЛІМІ ӨТТІ

Сыр өңірі әртістерінің кәрі құрлыққа өнер көрсетуге аттанғаны мәлім. Шотландияның Эдинбург қаласында өтіп жатқан «ФРИНДЖ» өнер фестивалінде Қызылорда облыстық қазақ музыкалық драма театрының «Ақбаян» спектакілінің көрсетілімі өтті.
Еске сала кетейік, Қызылорда облыстық Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры сөз зергері Ғабит Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» лиро-эпостық драмасының желісі бойынша сахналанған «Ақбаян» спектаклімен қатысуда.
Шотландияның Эдинбург қаласында 3 тамыз күні басталған өнер фестивалі 27 тамызға дейін жалғасады. Осы кезеңде көрермен назарына 3700 түрлі жанрдағы қойылым ұсынылады.
«Фриндж» («Fringe») фестивалі 1947 жылдан бастап жыл сайын ұйымдастырылады және әлем бойынша театр өнеріндегі ең ірі шара болып табылады. Айта кетейік, биыл айтулы фестивальге әлемнің 50 елінен келген 50 000-ға жуық артист қатысуда.


                                                       





07 тамыз 2018 ж. 325 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области