Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚОЖАКЕНТТЕГІ БАЛАЛАР МЕРЕКЕСІ

ҚОЖАКЕНТТЕГІ БАЛАЛАР МЕРЕКЕСІ


    Жаңақорған ауданы Қожакент ауылындағы «Аялы алақан» балабақшасында «Алтын күз» мерекесі аясында сайыс ұйымдастырылды. «Балдәурен», «Балдырған» топтарынан 11 бүлдіршін бақ сынасқан сайыста балабақша меңгерушісі Бақтыгүл Исмайлова бүлдіршіндерді «Алтын күз» мерекесімен құттықтап, оларға сәттілік тіледі.
    Алты кезеңнен тұратын сайыста бүлдіршіндер әннен жыр шашып, би билеп, тақпақ айтып,өз өнерлерін ортаға салды.
     Балғындардың ата-аналары да мерекелік кешке "Менің күзге сыйым" атты қолөнерлер бұйымдарын жасап ұсынды. Сонымен қатар, балалармен байланыс ретінде картоп қабығын үзбей ашудан бақ сынасты.
    Қатысушы балалар «Дарынды балақай», «Көрермен көзайымы», «Өнерлі бала» және т.б номинациялар бойынша марапатталды.







07 қараша 2017 ж. 500 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области