Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЗҰЛМАТ ЖЫЛДАР ҚАСІРЕТІ

ЗҰЛМАТ ЖЫЛДАР ҚАСІРЕТІ


         Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» күніне орай «Зұлмат жылдар қасіреті» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
         Бұл дата Қазақстан үшін айрықша мағынаға ие. «Халық жауларын» анықтау бойынша қатаң саясаттың салдарынан қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздері ғана емес, олардың жақындары да зардап шекті.
         Деректерге сенсек, елімізде 103 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшыраған. Бұған қоса, 25 мыңнан астамы ату жазасына кесіліпті. Олардың арасында қазақ зиялылары: Алаш қайраткерлері, ғалымдар, мәдениет және саясат саласының көрнекті өкілдері болды.
Қазақстанда 1997 жылдан бері жыл сайын 31 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аталып келеді.
         Кітап көрмесіне ХХ ғасырдың басында талайды сарсаңға салып, жаппай жазалаудың сол бір қиын қыстау кезеңдегі тағдырлары тәлкекке түскен саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты кітабы, академик М.Қозыбаевтың зерттеу еңбектері, В.Михайловтың «Ғаламат жұт шежіресі», «Қазақстан тарихы», «Қазақ көтерілістері», «Қызылдар қырғыны», «Зобалаң», «Аза», «Боздақтар», «Алаш көсемсөзі», «Зауал», «Жазықсыз жағылған жала», «Қазақ қасіреті», «Қасіретті тағдыр беттері» атты әдебиеттер және Алаш партиясының қатарында болған Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Тынышбаев, X.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов, Ж.Арыстанұлы т.б. ұлт зиялыларының шығармалары қойылды.
         Шараға Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры М.Аңсатова қатысып, ХХ ғасырдың 1930-жылдардағы аштық пен 1937-1938 жылдардағы саяси қуғын-сүргіннің қасіреті туралы тарихи мәліметтер берді. Көрмемен танысуға студенттер, кітапхана оқырмандары қатысып, библиографиялық шолу жасалынды.
30 мамыр 2018 ж. 1 273 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области