Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖАС АҚЫНДАР БАБА ЕРЛІГІН ЖЫРҒА ҚОСТЫ

ЖАС АҚЫНДАР БАБА ЕРЛІГІН ЖЫРҒА ҚОСТЫ


    Қазалы ауданындағы Басықара ауылдық клубының ұйымдастыруымен Басықара Құрманұлының 260 жылдық мерейтойы аясында «Жүйріктің аты шықпас озбай көпте» атты жазба ақындар мүшәйрасы өткізілді.
    Аудан бойынша барлығы 11 талапкер қатысты. Жастар арасында өткен жыр додасына аудандық білім бөлімінің әдіскері Ұлан Қалиев, аудандық «Қазалы» газетінің меншікті тілшісі Есет Табынбаев, №182 орта мектептің мұғалімі,ҚР Білім беру ісінің үздігі Мұхтар Сәлмен қазылық жасады.
    Байқауда қазылар алқасының шешімі бойынша Мұратбаев ауылынан келген  Мереке Меңдібаева мүшәйраның бас жүлдегері атанды. Ақтан батыр ауылынан қатысқан Ақжол Түменбай 1-орын иеленсе, Басықара ауылының жас ақыны Жеңісбек Нұрдәулет пен өркендеулік Болатбек Рсалиев екінші орын жүлдесін алды. Ал мүшәйраға Қазалы қаласынан келіп қатысқан Жазира Қошмаханова мен Қ.Пірімов ауылынан келген Гүлбарам Жауғашарова үшінші орынға табан тіреді.   
    Сонымен қатар Гүлнұр Ұлықбан, Аяулым Қабылова, Айгүл Қалжанова, Мейрамбек Жанқулов, Нұрзат Ізатулла сынды талапты жастарға ынталандыру сыйлықтары беріліп, алғыс хаттармен марапатталды.

01 қараша 2017 ж. 390 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области