Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ӨМІРДІҢ ӨЗІНЕН АЛЫНҒАН ДРАМА

ӨМІРДІҢ ӨЗІНЕН АЛЫНҒАН ДРАМА


    Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Ақын - жазушыларымыздың мақалаларымен, халқымыздың ұлттық салт - дәстүрлеріміз бен тіліміз, музыкамыз бен жоралғыларымыз бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуы тиіс» - деген болатын.  Осы орайда Шиелі аудандық орталық кітапханадасында тамаша кеш өтті.
     Кеште «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында көрнекті түркітанушы ғалым, профессор, жазушы әрі аудармашы, Күлтегін және Франц Кафка сыйлықтарының лауреаты Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» хикаят-монологынан «Өмірдің өзінен алынған драма» атты сахналық қойылым қойылды.
    Айта кетейік, республикалық «Бір ел-бір кітап» акциясы елімізде осындан 11 жыл бұрын, сонау 2007 жылы басталды. Ең алғашқы акция Абайдың «Қара сөздерінен» басталған. Биылғы 2018 жылы оқу акциясына тұңғыш рет үш бірдей кітап таңдалып алынды.
    Олар – Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары, Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» повесі және жазушы Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» хикаят-монологы. Бұл шығармалар еліміздің кітапханаларында жыл бойы насихатталатын болады.
    Шараға «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалының төрағасының кеңесшісі Ерболат Мұхтаров, «Жастар ресурстық» орталығының директоры Айдана Маманова және оқырмандар мен кітапхана қызметкерлері қатысты.
    Жазушы Н.Келімбетовтың өмірбаянын Prezi.com жобасы арқылы №46 А.Пушкин атындағы мектеп-лицейінің оқушысы А.Серікбай таныстырды. 35 жыл бойы ауыр дертпен арпалысса да, мүгедектігіне қарамай өмірге деген шексіз құштарлығы, қайсарлығы, адамгершілігі, мөлдір махаббаты келешек жастарға үлгі болатын көркем шығарма кейіпкері – Ержан автор Немат Келімбетовтың өз бейнесі.
    Аудандық кітапхананың «Өнер» клубының мүшелері Б.Сақтапов, Г.Қожахметова, Қ.Күлімбетов, Б.Стамқұлова, Н.Мейрамханұлы, М.Орал және А.Алымұлы кейіпкерлер рөлдерін шынайы сомдап, оқырмандар ықыласына бөленді.
    Бұған қоса, Ардат Ақберген, Гүлсезім Амангелдіқызы, Қарақат Бақытқызы өз өнерлерін көрсетті. Кітапханашы Ақайша Жолдасбекқызы шараны дайындап, ұйымдастырса, Набат Асқарқызы келушілерді кітап көрмесімен таныстырды.
    Шара соңында белсенділік көрсеткен оқырмандар Алғыс хаттармен марапатталды.
    Жазушы-ғалым Немат Келімбетовтың халқына қалдырған мұрасы мол. Әрбір азамат оның қажыр-қайратына, санасының саралығына, рухының даралығына тағзым етсе нұр үстіне нұр болар еді.
    Иә, ел азаматтарының өзі кетсе де, артында қалған мұрасы ұзақ жасай бермек.

16 мамыр 2018 ж. 91 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области