Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «АҚМАҢДАЙЛЫМ» IІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘНШІЛЕР БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

«АҚМАҢДАЙЛЫМ» IІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘНШІЛЕР БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ


    Облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы мен Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен, Қазалы аудандық мәдениет Орталығы  КСРО Халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың 95 жылдығына арналған «Ақмаңдайлым» IІІ республикалық әншілер конкурсын ұйымдастырды.
    Қазақтың халықтық музыка өнеріне өшпейтін із қалдырған Роза Тәжібайқызын білмейтін қазақ кемде кем. Байқаудың негізгі мақсаты ұлттық ән өнерінің падишасы, бұлбұл әнші Роза Бағланованың орындаушылық шеберлігі тұрғысында жас әншілерді табу, сондай-ақ ән өнеріндегі жаңалықтарды, сан ғасырлық тарихы бар, ғасырлар елегінен сүрінбей өткен әндерді кейінгі ұрпақтың кәдесіне жарату, ескі халық әндерін, сонымен қатар қазіргі заман композиторларының әндерін насихаттау.
    Байқауға Астана қаласы, Алматы, Қарағанды, Атырау, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарынан 20 талапкер қатысты.
    Сынға түскен әншілердің өнеріне баға беру үшін құрылған қазылар алқасының құрамында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Кеңес Дүйсекеев, Қазақстан республикасының мәдениет саласының үздігі, Қызылорда қаласы әкімі ансамблінің көркемдік жетекшісі Сәбит Ұлықпанұлы, «Сыр сандуғаштары» балалар вокалдық тобының жетекшісі, Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының музыка бөлімінің жетекшісі Бағдагүл Есмұрзаева, Қазақстан компазиторлар одағының мүшесі, Қазақстан республикасының мәдениет қайраткері Сәукен Әліш және бүкіл одақтық байқаулардың лауреаты, Қазақстан республикасының мәдениет саласының үздігі Арман Әуез болды.
    Байқаудың талабы бойынша бірінші кезеңде әнші Р.Бағланованың репертуарындағы әндерден бір ән, екінші кезеңде заманауи жазылған қазақстан компазиторларының бір әнін орындайды.
    Байқаудың қорытындысы бойынша бас жүлдені Оңтүстік Қазақстан облысынан Мағжан Әлтенбаев иеленсе, Қармақшы ауданынан Арайлым Маханбетжанова І орынды, Қызылорда қаласынан  Салтанат Әбдіқали, Қазалы ауданынан Айсәуле Қияс пен Жеткерген Мадияр ІІІ орынды иеленіп бағалы сыйлықтармен марапатталды.


01 қараша 2017 ж. 390 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области