Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » СЫР ӨҢІРІ ҚАСИЕТТІ ЖЕРЛЕРІНІҢ ГЕОГРАФИЯСЫ ҚЫЗЫЛОРДА-ҚЫЗЫЛҚҰМ БАҒЫТЫ

СЫР ӨҢІРІ ҚАСИЕТТІ ЖЕРЛЕРІНІҢ ГЕОГРАФИЯСЫ ҚЫЗЫЛОРДА-ҚЫЗЫЛҚҰМ БАҒЫТЫ

Қызылорда – Қармақшы ауданы, Көмекбаев ауылы – Бәбіш-мола қалашығы – Шірік-Рабат қала-қорымы – Сеңгіртам қорымы – Баланды кешені – Ұйғарақ қорымы –  Оңтүстік Түгіскен қорымы – Солтүстік Түгіскен кесенесі – Жент қалашығы.
  Бәбіш-мола кешені – еліміздегі ең ежелгі қала. Б.з.д. ІV-ІІ ғасырларда егіншілікпен айналысқан Арал маңы сақтарының ірі орталығы. Қалашықпен қатар ондаған қоныстар мен ірі ғибадатхана орналасқан кешен.
  Ал Шірік-Рабат қала қорымы – б.з.д. IV-II ғасырларда қанатын жайып, Арал маңы сақтарының «дах» деп аталатын тайпасының діни-рухани астанасына айналған орталық.
  Сеңгіртам қорымы – Сырдың төменгі ағысын б.з.д. VІІІ-VІІ ғасырларда мекендеген көшпелі тайпалардың «өлікті өртеу» ғұрпы жүрген «шлакты» обалар мәдениетінің қорымы.
  Баланды кешеніне – б.з.д. ІV-ІІ ғасырлар мерзімделетін қоныстар мен ірі жерлеу құрылыстары кіреді. Әсіресе, Баланды-2 кесенесі ең алғашқы дәстүрлі күмбезді сәулет өнерінің туындысы болып табылады.
  Ұйғарақ және Оңтүстік Түгіскен обалы қорымы – б.з.д. VII-V ғасырларда Аралдың шығыс өңірін мекендеген тайпалардың мате¬риалдық мәдениетінің бейнесін толық сипаттайтын ескерткіштер.
  Солтүстік Түгіскен кесенелері – кейінгі қола дәуіріндегі (б.з.д. ІХ-VІІІ ғасырлар) көсемдер жерленген орын. Саз кесектен тұрғызылған кесенелер Орта Азия мен Қазақстан ғана емес бүкіл Евразия даласына танымал ескерткіш.
  Жент – Сырдарияның төменгі ағысы бойындағы ортағасырлық қала орны. Қалада мұсылман дінін ұстанған түркі тайпалары қоныстанған. Жент Х-ХІІ ғасырларда Сырдарияның төменгі ағысы бойындағы негізгі үлкен қала болған.
(жалғасы бар)

Әзілхан ТӘЖЕКЕЕВ,
Қорқыт ата атындағы ҚМУ
«Археология және этнография»
ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі,
тарих ғылымдарының кандидаты


04 мамыр 2018 ж. 95 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области