Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ӘЛЕМ МОЙЫНДАҒАН ҚАЗАҚТАР

ӘЛЕМ МОЙЫНДАҒАН ҚАЗАҚТАР


    ҚАЗАҚСТАН 25 жыл ішінде бұрын-соңды болмаған үлкен жетістіктерге жетті. Жетіп қана қойған жоқ, өзінің атын да қалыптастырып үлгерді. Мемлекет ретінде, ел және ұлт ретінде бүкіл әлемге танылып келе жатыр. Оған елімізде өтіп жатқан Универсиада ойындары мен алда болатын Халықаралық  «EXPO-2017» көрмесі куә. Тек мемлекеттік деңгейде емес, жеке тұлға ретінде де өнер әлемінде, спорт додасында жүрген жандар да өз үлесін қосып келеді. Сонымен елдің атын әлемге мойындатқан қазақтар кімдер?
    Тимур Бекмамбетов  Қазақ елінің тумасы. Қазақстандық кинорежиссер, продюсер, халықаралық дәрежедегі «Астана» экшн-фильмдер кинофестивалінің президенті және негізін қалаушы. Бүгінде Тимур Бекмамбетовтің аты Голливудтық кинорежиссерлердің қатарында тұр. Т.Бекмамбетовтың режиссерлігімен түсірілген және продюсерлік қызметтерін қоса атқарған фильмдері:  
    "Пешаварский вальс"  
    "Гладиатрикс"
    "Ночной Дозор"  
    "Ирония судьбы.
    Продолжение"  
    "Особо опасен"  
    "Ёлки"  
    "Президент Линкольн: Охотник на вампиров"  
    "Игра в правду"  
    "Убрать из друзей"  
    "Бен-Гур"




    Майра Мұхамедқызы Әлемдік сахнада «Maira Kerey» есімімен танымал қазақ елінің тумасы, опера әншісі (сопрано) ҚР-ның еңбек сіңірген әртісі. Оның ең үлкен атағы – Париждегі «Гранд Операда» қазақ елінің атынан өнер көрсеткен тұңғыш әрі қазірге дейін жалғыз опера әншісі. Майра Мұхамедқызының атын алыс-жақын шетел таниды. Атап айтсақ Еуропа мен АҚШ оның опера орындаудағы шеберлігіне тәнті.  

    Асқар Жұмаділдаев  Қазақстандық математик, ғалым және қоғам қайреткері. Физика-математика ғылымдарының докторы. Асқар Жұмаділдаевтың атағын көптеген шет елдері біледі. Себебі оның «Төртқара және Төрткен алгебралары» атты еңбегі әлем ғалымдарын таң қалдырған. Еуропа, АҚШ университеттерінен шақыртулар алып, түрлі деңгейдегі байқауларға қатысқан, қазақ еліндегі бірден-бір есепке жүйрік азамат.  
 
   Әділ Оралбекұлы  Қазақстандық рэпер, бүгінде үлкен аудиториясы бар, ресей жерінде өнер көрсетіп жүрген, рэп әлеміндегі аты – «Скриптонит». Көптеген альбомдардың авторы. Қазақстандық рэперді бүкіл ТМД, Ресей, АҚШ пен Еуропаның рэп өкілдері таниды әрі оның өнерін мойындайды.  

    Сабина Алтынбекова  Қазақстандық волейбол спортының шебері, өзінің келбетімен Шығыс еліне танымал болып үлгерген қыз. Танымалдыққа жетуіне себеп – қазақ қызына тән сұлулығы. Өзінің сұлу келбетімен және өзіне тән ерке қылығымен бүкіл шығыс елін ауызына қаратқан Сабина қазір сол елде өзінің спорт саласы бойынша жаттығу жасап жүр.
 
   Зарина Дияс  Теннис спорт түрінің кәсіби деңгейіне жеткен, әлемдік додада топ жарып жүрген, үздік спортшылар қатарына кіретін Зарина қазақ елінің тумасы. ITF турнирінің бесінші кезектегі жеңімпазы. Әлемдік спорт додасындағы атағымен танымал қазақ қызы – ел мақтанышы.  

    Димаш Құдайберген  «Димаши» деп қытайлар атап кеткен қазақ елінің баласы, әнші, бүкіл әлемді ауызына қаратқан Димаш Құдайберген. Осы уақытқа дейін «Славян базары» байқауын жеңіп Еуропаны шулатып, енді Қытайда өтіп жатқан «Мен әншімін» бағдарламасына қатысып, қазіргі кезде бірінші орында келе жатқан жас әншінің дауысын бүкіл ел таныды. Лара Фабианның өзімен кездесуге мүмкіндік алған жас таланттың бағын ашқан – оның дауысы. Голливуд жұлдызы, қытайдың ең ұлы актері – Джеки Чанмен кездесуі де Димаштың өнерінің арқасы.
   
«Мен қазақпын» деген: Геннадий Головкин  
    Бүкіл әлемдік бокс спортында «GGG» атымен белгілі Геннадий Головкин қазақ елінен шыққан спортшы. Қазіргі таңда әлемдегі ең үздік боксшылардың бестігіне кіретін былғары қолғап шебері арқылы бүкіл әлем Қазақстанды танып отыр. Жеңістерін көру үшін таңды-таңға жалғап тақым қысып отыратын елдің үмітін ақтап келе жатқан Г.Головкин алда болатын жекпе-жекке дайындық үстінде.

17 қазан 2017 ж. 1 024 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области