Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІЛЕР АРАСЫНДА «ҮМІТ -2017» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІЛЕР АРАСЫНДА «ҮМІТ -2017» БАЙҚАУЫ ӨТТІ


    Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті «Үміт - 2017» байқауы өткізді.
    Байқауға ЗК-169/1,ЗК-169/5, ЗК-169/5 мекемелерінде жазаларын өтеп жүрген азаматтар салған суреттер мен қолданбалы өнер бұйымдары қатысты. Қызылорда облыстық тарихи- өлкетану музейі Көркемсурет галереясының меңгерушісі Г.Рамазанова, осы музей әдіскері П.Ашанова, «Қызылорда облыстық тұтынушылар құқығын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігінің заңгері Р.Ермаханов, «Кызылорда таймс» газетінің тілшісі В.Жакибаева, ҚАЖД мемлекеттік тіл маманы Д.Достановалардан жасақталған қазылар алқасы әр туындының лайықты бағалануына барын салды.
    Қазылар ұйғарымымен «Күз» картинасы бірінші орынға әбден лайық деп танылды. Жазасын өтеушілер жасаған кеме туындысы ІІ орын алды. Ағаштан қашалған қобдиша мен  «Қорқыт ескерткіші» графикасына үшінші орын берілді.
     Байқау жеңімпаздары марапатталып, суреттер мен қолөнер бұйымдары «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылына берілді.   





27 қазан 2017 ж. 716 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области