Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА КАМЕРАЛЫҚ ОРКЕСТР КЕШІ ӨТТІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА КАМЕРАЛЫҚ ОРКЕСТР КЕШІ ӨТТІ


    Қызылорда облыстық филармониясы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын негізге ала отырып, А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде камералық оркестрдің концертін ұйымдастырды.
    Камералық оркестр  Кеулімжай Ботабаевтың дирижерлігімен В.Моцарт, И.Бах, А.Пьяцолло, Г.Динику, Д.Пуччини, Л.Андерсон А.Серкебаев, Л.Хамиди, Х.Сетековтардың шығармаларын орындады.
    Оркестр солисті Мақсат Мақұлбеков Д.Пуччинидің «Турандот» операсынан Калафтың ариясын, Сымбат Тасбергенова Л.Ардитидың «Поцелуй» әнін орындаса, Л.Хамидидің «Қазақ вальсі» әнін Сыр бұлбұлы Самал Байсейітова нақышына келтіре орындады.
    Облыстық филармонияның директоры Талғат Мақашовтың айтуынша, мұндай кештерді өнер ұжымы жиі өткізіп тұрады.  

27 қазан 2017 ж. 1 010 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области