Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «МЕНІҢ ЕЛІМ – МƏҢГІЛІК ЕЛ»

«МЕНІҢ ЕЛІМ – МƏҢГІЛІК ЕЛ»


    Сырдария ауданындағы "Үркер" шығармашылық дамыту орталығының ұйымдастыруымен "Менің елім – мəңгілік ел" атты республикалық рухани-патриоттық балалар байқауы болып өтті.
    Байқауда балалар түрлі жанрлар бойынша сынғңа түсті.  Осы аудандағы Бесарық балалар өнер мектебінің оқушылары вокал, би, күй, қолөнер, қалам шебері жəне көркемсөз шебері бойынша қатысты.
    Өнер мектебінің өрендері сайыстан жүлдесіз қайтқан жоқ.  Вокал номинациясы бойынша Диас Ерғараев бірінші, Таңат Жүсіпбек екінші (жетекшілері Алма Мақсұтова, Диас Нұралиев және Олжас Ормаханов) орын алды.  
    "Мереке-думан" би тобына (жетекшісі Өмірзақ Оспанбеков) бас бұйырды. Бұл жанрда қатысқан "Құндызай" би тобы үшінші орынға (жетекшісі Индира Құрбанова) лайық деп танылды.   
    Күй жанры бойынша бесарықтық "Баяншылар ансамблі" бас жүлде еншіледі.  Екінші орынды жас домбырашы  Шұғыла Ергешбаева (жетекшісі Ержан Керімбеков), үшінші орынды Əнел Мейірбек (жетекшісі Ришат Кенжебеков) пен  Ақниет Тұрсынбай (жетекшісі Бағила Кенжебекова) иеленді.
    Қолөнер жанры бойынша қатысқандар да құр қайтпады. Айжамал Серік бірінші орын биігінен көрінсе, Мақпал Темірханға үшінші орын (жетекшілері Патима Бимырзаева) бұйырды.
    Қалам шебері жанры бойынша үшінші орынды Айжамал Серік (жетекшісі Ерсұлтан Мұстафаев) иеленсе, көркемсөз шеберлігінен Əсел Мақұлбек (жетекшісі Рахила Мəмбетова) жеңіп алды.
    Әрбір жетекші республикалық рухани-патриоттық балалар байқауына үлес қосып, балалар шығармашылығын дамытуға сіңірген еңбегі үшін Алғыс хатпен марапатталды.  








26 қазан 2017 ж. 1 103 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области