Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » КӨРЕРМЕНДЕР КӨЗАЙЫМЫНА АЙНАЛҒАН АСЫЛ ЖАНДАР»

КӨРЕРМЕНДЕР КӨЗАЙЫМЫНА АЙНАЛҒАН АСЫЛ ЖАНДАР»


    Облыс орталығындағы оқушылар сарайында Ұлыстың ұлы күніне орай мерекелік шара өтті.
    Қызылорда қалалық білім бөлімі мен қалалық кәсіподақ комитеті және қалалық ұстаз-ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен өткен шараның ғибраты мол болды. Онда көрермендерге қалалық білім бөлімі жанындағы ардагер-ұстаздардан құрылған «Асыл жандар» ансамбілі «Баяғы көңіл, баяғы сезім әлі де...» атты концерттік бағдарлама ұсынды.
     Айта кетейік, «Асыл жандар» тобы бұған дейін бірнеше мәрте облыстық және қалалық байқаулардың жүлдегері атанған. Бұл күндері көрермендер көзайымына айналып, тыңдаушылардың ыстық-ықыласына, жылы лебізіне бөленіп жүр. Міне, осы асыл ардагер-ұстаздарымыз өз өнерлерімен жас ұрпаққа үлгі өнегесін көрсетті.
    Жылдар бойы жас ұрпаққа тәрбие мен білім беріп, еліміздің тәуелсіздігін нығайту, аймағымыздың өсіп-өркендеуіне, өңіріміздің қоғамдық-саяси өмірінің дамуына елеулі үлесін  қосып еңбек еткен мерей жасқа толған ардагер-ұстаздар марапатталып, сыйлықтар табысталды.
    Жалпы, Елбасының бағдарламалық мақаласы аясында ұрпақтар сабақтастығын жаңғырту мақсатында мұндай шаралар алдағы уақытта да ұйымдастырылатын болады.

20 наурыз 2018 ж. 701 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области