Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АРАЛДА ҚАУЫШУ ДӘСТҮРІ ЖАҢҒЫРДЫ

АРАЛДА ҚАУЫШУ ДӘСТҮРІ ЖАҢҒЫРДЫ


    Бастауын сан мыңдаған ғасырлардан алатын «көрісу, қауышу» – қазақ халқының Наурыз мейрамының негізгі салтының бірі. Бүгінде бұл ізгі дәстүріміз әсіресе, еліміздің батыс өңірінде сақталып қалған әрі халық арасында Наурыз мейрамын қарсы алу осы күннен басталады.
    Осы орайда, Арал ауданының ардагер ұстаздары бас қосып, осы игі дәстүр теңіз төскейінде қайта жаңғырды.
    Нақтырақ айтқанда, ауданның ардақты ардагер ұстаздары аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген «Парасатты әже – 2018» байқауында бас қосып, өз өнерлері мен өнегелерін ортаға салды.
    Басты мақсат – ата-бабамыздың сан ғасырдан бері ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан салт-дәстүрді сақтап, кейінгі ұрпаққа отбасының, ағайын-туыстың бірлігін сақтайтын тәрбиеші, әрі ақылгөйі, тілеуқоры-әжелерді қадір тұтып, ұлықтау.
    Биыл төртінші мәрте ұйымдастырылып отырған байқауға аудан мектептерінің 11 ардагер ұстаз қатысты. Әр әже асқан дайындықпен келіп, өз өнерлерін ортаға салып, қазақы әдет-ғұрыптарымызды жандандыра түсті. Әсіресе, қол өнер сайысында өздерінің қолдарымен жасаған дүниелерін алып келіп, баршаны таңқалдырды. Сондай-ақ, ән айтты, өлең де оқыды. Ғибратты да өнегелі кеңестерімен бөлісті.
    Тағлымды шара қорытындысында аудан әкімі М.Оразбаев барша аналарды мерекемен құттықтап, қатысушыларға алғысын айтты. Сонымен қатар, әділ-қазылардың шешімі бойынша «Шебер әже» ,«Өнерлі әже», «Үлгілі әже», «Мейірімді әже», «Ұлағатты әже», «Шырайлы әже», «Сабырлы әже», «Байсалды әже», «Шешен әже» деген номинациялары берілді. Бағалы сыйлықтар табысталды. Ал Сексеуіл елді мекеніндегі №87 орта мектептің ардагер ұстазы Кеншімбаева Айнадай әжей байқаудың жеңімпазы атанды.
    Марапаттау рәсімінен соң аяулы аналарға ақ дастархан жайылып, барша ұстаздар емен-жарқын пікір алысып, көктем мерекесіне орай жылы лебіздерін білдірді.





13 наурыз 2018 ж. 138 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области