Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ӘЙГІЛІ ИТАЛИЯЛЫҚ ӘНШІ АЛЕССАНДРО ДИМАШТЫ ҒАЛАМАТ ДАУЫС ИЕСІ ДЕП АТАДЫ

ӘЙГІЛІ ИТАЛИЯЛЫҚ ӘНШІ АЛЕССАНДРО ДИМАШТЫ ҒАЛАМАТ ДАУЫС ИЕСІ ДЕП АТАДЫ


    Алессандро Сафина Инстаграм парақшасында Димаштың өткен жылы Қытайдағы «I am Singer» байқауында өнер көрсеткен видеоны бөліскен.
    Италияның әлемге әйгілі опера және эстрада әншісі Алессандро Сафина Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті екенін жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
    «Димаш Құдайберген... Оның дауысын тыңдап көріңіз. Осыдан кейін оның қаншалықты ғаламат екеніне көзіңіз жетеді», - деп жазған Алессандро Сафина Инстаграмдағы парақшасында Димаштың өткен жылы Қытайдағы «I am Singer» байқауында өнер көрсеткен видеоны бөліскен.
    Айта кетсек, лирикалық тенор даусымен әлемді мойындатқан италиялық әншінің атағы 1990 жылдардан бастап шыға бастаған. 1889 жылы ол Кати Риччарелли атындағы Халықаралық вокалды байқауда алғашқы жүлдесін жеңіп алғаннан кейін опера әлеміне жарқ етіп шыққан.
    Алессандро Сафинаның «Insieme a te» атты альбомы әлемнің 30 еліне таралып, Бразилия мен Тайваньда альбом атаулының «алтын» тұғырына көтерілген. Әлемнің түкпір-түкпірін шарлаған италялық әнші Қазақстанға да бірнеше рет келіп, өнер көрсетіп кеткен.

08 наурыз 2018 ж. 76 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области