Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ГҮЛБАНУ ӘЗІМХАНОВА «ӘЛЕМ АРУЫ-2017» БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСАДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ГҮЛБАНУ ӘЗІМХАНОВА «ӘЛЕМ АРУЫ-2017» БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСАДЫ


     «Қазақстан аруы-2016» атанған қызылордалық Гүлбану Әзімханова «Әлем аруы-2017» байқауына қатысу үшін Қытайға барды. Бұл туралы «Қазақстан аруы» байқауының Инстаграмдағы ресми аккаунтында мәлім етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  
     «Біздің сұлуымыз, «Қазақстан аруы-2016» Гүлбану Әзімханова «Әлем аруы» байқауына қатысу үшін бүгін Қытайға ұшып барды. Финал 18 қараша күні Санья қаласында өтеді. Қызу дайындық жұмыстары жүруде», - делінген жазбада. Гүлбанудың өзі де Қытайдың Гуанчжоу қаласына ұшып келгенін хабарлады.  «Бүгін менің #missworld байқауындағы алғашқы күнім. Таңғы ас ішуге бара жатырмын. Айтпақшы, мұндағы ауа райы жып-жылы, бұл маған сөзсіз ұнайды», - деп жазды Әзімханова.  
    Биылғы «Әлем аруы» байқауы осымен 67-ші рет өткізіледі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы байқау әлеуметтік желілер мен интерактивтілікке басымдық беретін жаңа форматта өтпек. Ол Head-to-Head Challenge деп аталады және оған 40 үздік қатысушының 20-сы іріктеп алынады. 18 жастағы Гүлбану Әзімханова өткен жылдың желтоқсан айында «Қазақстан аруы-2016» атанған еді. Тікелей эфирде көрермендер дауысының нәтижесінде жеңіске жеткен Гүлбану Қазақстанның ең сұлу аруы атанып, бес миллион теңге көлемінде ақшалай сыйлық алды.
    Сондай-ақ «Әлем аруы-2017» халықаралық байқауында Қазақстанды таныстыру мүмкіндігіне ие болды. Кейінірек «Қазақстан аруы-2016» жеңімпазының ресми фотосессиясы жарияланды.






25 қазан 2017 ж. 692 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области