Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АКТЕР АҚШ-ТА «СПОРТТЫҚ ОСКАРҒА» ИЕ БОЛДЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АКТЕР АҚШ-ТА «СПОРТТЫҚ ОСКАРҒА» ИЕ БОЛДЫ


    Танымал қазақстандық актер Санжар Мәди АҚШ-та «Спорттық Оскар» сыйлығының иегері атанды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
    «Тұңғыш рет Нью-Джерси, Атлантик ситиде болып тұрмын. Жаңа жыл басталғалы алғашқы жұмыс сапарында кинода спортты насихаттағаным үшін «Спорттық Оскар» сыйлығын табыстап жатыр. Күтпеген сыйлық. Әлбетте, еңбегім сіңген әртіс болмасам да, бұл өте құрметті сый. Ары қарай көре жатармыз. Жаңа жылда өте қызықты жобалар жетерлік, бірақ әзірге Нью-Йоркке қайтып барамын», - деп жазды актер Facebook парақшасында.
    «Спорттық Оскар» сыйлығын табыстау рәсімі жыл сайын Нью-Джерси штатындағы Атлантик-Сити қаласында өткізіледі. Акцияға бүкіл әлемнің белгілі саясаткерлері мен бизнесмендері, спортшылары қатысады.
    «Спорттық Оскар» - айқас өнері мен жекпе-жек саласында өткізілетін халықаралық айтулы оқиғалардың қатарына жатады. Мұндай құрметті сыйлықты 2012 жылы тұңғыш рет белгілі бизнесмен, «Бес қару» мен джиу-джитсу федерациясының президенті Дәурен Мұса алған.
    Санжар Мәди - Қазақстан мен Ресейге өте танымал актер, продюсер әрі режиссер.1986 жылы Алматыда дүниеге келген. «Ход конём», «Сказ о розовом зайце», «Ёлки 2», «Защитники» секілді белгілі кинокартиналарға түскен.


29 қаңтар 2018 ж. 727 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области