Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада ежелгі дәуір әдебиеті насихатталды

Қызылордада ежелгі дәуір әдебиеті насихатталды

Kyzylorda-news.kz. Бүгін Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында«Ұлы даланың ежелгі дәуір әдебиеті» атты әдеби кеші ұйымдастырылды.Шараның мақсаты – ежелгі дәуір әдебиетінің қазақ әдебиетінде алатын орнын түсіндіру және шығармаларын насихаттау.
Кеш барысында оқырмандар ежелгі әдебиет деп аталатын жеті ғасырды қамтыған әдебиетіміздің, ұзақ тарихына қатысты ескерткіштермен, шығармалармен танысты. Олардың алғашқылары деп түркі ру-тайпаларына ортақ Орхон ескерткіштерін, Қорқыт және Оғыз-наманы атаймыз.
Жастар ежелгі дәуір әдебиетінің өкілдері Мұхаммед Хорезми, Әбу Насыр әл-Фараби, Әбу Райхан әл-Бируни, Махмұд Қашқари, Қожа Ахмет Йасауи, Сүлеймен Бақырғани, Жүсіп Баласағұн тәрізді түркі халықтарының біразы ортақ ойшылдар, ғалымдар, ақындар, ғұламалар түркі халықтарынан шыға тұра кезінде араб әдебиетін, араб ғылымын, сонымен бірге дүние жүзі ғылымын дамытуға үлкен үлес қосқаны туралы пікір білдірді.
Шараға «Болашақ» университетінің оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Сара Тайманова шәкірттерімен, «Құрылыс және бизнес» колледжінің студенттері және «Кездесу» клубының мүшелері қатысты. Оқырмандар шара кезінде кітап көрмесін тамашалап,библиографиялық шолу жасады.

05 ақпан 2020 ж. 145 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области